Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы 67 мың теңге

Фотография - Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы 67 мың теңге

Бүгінде елді алаңдатып жүрген көкейтесті мәселелердің бірі – Зейнетақы жүйесін модернизациялау

189 0

Бүгінде елді алаңдатып жүрген көкейтесті мәселелердің бірі – Зейнетақы жүйесін модернизациялау. Осыған орай ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң жобасының жаңа редакциясы ұсынылған болатын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова әңгімелеп берді.

Қазақстан зейнетақы реформасының жаңа жобасын 2013 жылдың маусым айынан бастап енгізу жоспарланған. Зейнетақы жүйесін модернизациялау мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Ендігі кезекте, ҚР жаңа редакциялы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, барлық зейнетақы активтері Ұлттық Банкінде сақталатын болады. Жинақтаушы зейнетақыны сақтау кепілін акционері ҚР Үкіметі болып табылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарнасының есебінен жинақтаушы зейнетақыларды шоғырландыру жолымен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «МЖЗҚ» базасында акционерлік қоғам түрінде құрылатын болады.

Қолданыстағы 10 жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты айтатын болсақ, олар басқарушы компанияға, болмаса тек қана ерікті жинақтаушылармен жұмыс жасайтын зейнетақы қорына айнала алады, болмаса ерікті түрде жойылып, нарықтан шыға алады. Ұлттық банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін пруденциалды реттелуін жүзеге асыратын болады.

Жұмысшылардың міндетті зейнетақы жарнасына қосымша еңбек төлем қорынан 5 пайыз көлемінде міндетті кәсіби жарнасын енгізу ұсынылуда. Сонымен бірге, жұмыс берушілер зиянды өндірісте еңбек ететін тұлғаларға жататын өндіріс түрі бойынша ғана міндетті кәсіби зейнетақы жарнасына аударады. Зиянды өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың мамандықтарының тізімі және өндіріс тізбесі Үкіметпен бекітілетін болады және мерзімде қайта қаралады (135 мың адамға болжам). Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 2013 жылы 67509 теңгені құрайды. Минималды мөлшері 19 066 теңге болып белгіленді. 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!