Қазақстанда зейнеткерлердің 70 пайызы әйелдер

Фотография - Қазақстанда зейнеткерлердің 70 пайызы әйелдер

Егер ескеретін болсақ, әйелдердің зейнетке шыққан кейінгі өмір сүру мерзімі (20,84 жыл) ерлерге қарағанда біршама ұзағырақ (12,99 жыл) олай болса, әйелдерді адекватты зейнетақымен қамсыздандыру ықтималы аз

210 0

ОКҚ баспасөз брифингінде ҚР Ұлттық Банктің қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқын қорғау бойынша комитет төрайымы Гүлбану

Айманбетова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін сенімді басқару жөнінде әңгімелеп берді.


ҚР жаңа редакциялы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтерін сенімді басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Жинақтаушы зейнетақыны тиімсіз қолдану қауіп-қатері барлық дамушы елдерде болған. Осыған байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық стратегиясы жасап шығарылатын болады. Аталмыш стратегияны БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Кеңесі бекітетін болады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Сонымен бірге, Ұлттық банкке инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдерді басқарушы мекемелерді таңдау құқығы ұсынылатын болады. Инвестициялық портфельдерді басқарушы мекемелер болып бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қатысшылар, Ұлттық банк лицензиясының негізінде инвестициялық портфельдерді басқару бойынша қызметті жүзеге асырушы, болмаса шет ел мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметтің ұқсас түрін жүзеге асырушы шетелдік ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық портфельдерді басқарушы мекемелерді таңдаудың негізгі белгісі инвестициялық табыс деңгейінде олармен шектелген Ұлттық банкпен қамтамасыз ету мүмкіндігі және зейнетақы активтерін басқарудың тарихи нәтижесі, алынған комиссияның деңгейі және олардың іскерлік беделі болуы мүмкін.

Қазақстанда зейнеткерлердің жалпы санынан (1,8 млн адам) 1,235 млн немесе 70 пайызы әйелдерден құралады. Зейнетақы бағдарламасына мемлекеттік шығындар өсуде және соңғы бес жылда 363,6 млрд-тан 825,7 млн теңгеге дейін ұлғайды. Осы сомадан 70 пайызға жуығы әйелдердің зейнетақы төлеміне кетеді. Егер ерлердің орташа зейнетақы төлемінің көлемі 43 606 теңгені құраса, әйелдер үшін 36 243 теңгені құрайды. Бір қатысушының орташа жинақтаушы зейнетақы көлемі 2013 жылы 376 мың теңгені құрады (ерлердің жинағы 439 мың, әйелдердің 325 мың теңге).

Егер ескеретін болсақ, әйелдердің зейнетке шыққан кейінгі өмір сүру мерзімі (20,84 жыл) ерлерге қарағанда біршама ұзағырақ (12,99 жыл) олай болса, әйелдерді адекватты зейнетақымен қамсыздандыру ықтималы аз. Зейнет жасын нормативті ұлғайту санның және жарна төлеушінің үлесінің өсуіне, зейнетақыны алуға құқығы бар тұлға санының төмедеуіне, яғни, табыстың ұлғаюына және зейнетақы жүйесінің қысқартылуына әкеледі.

Зейнет жасының артуына қажетті:

1) ЖЗЖ қатысу өтілінің ұлғаюы және жинақтаушы зейнетақы көлемінің сәйкестендірілген ұлғайтылымы үшін;2) ұрпақтың қартаюына байланысты демографиялық жүктеме коэффициентінің өсуін жою үшін «baby – boom» (соғыс жылдарынан кейінгі туылғандар); 3) экономикалық белсенді жастың есебінен еңбек нарығына қосымша еңбек ресурстарын тарту мүмкіндігін кеңейту үшін;

Дегенмен, күтілген нәтиже зейнет алды жасындағы әйелдерге жұмысты қамтамасыз еткен жағдайда ғана болу мүмкін. Бұл үшін мынадай шаралар қабылданатын болады: әйелдердің біліктілігін көтеру - жалдамалы жұмысшыларды өндірістен қол үзбей және қол үздіріп оқыту; 2020 жұмыспен қамту Бағдарламасы аясында өз бетінше еңбек ететін әйелдерді өнімді жұмысқа тару; жеке ісін ашуға ниеттенген немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер үшін шағын несиелерді алу мүмкіндігінің кеңейтілуі; өздері таңдаған мамандық бойынша бала күтімі демалысында болған әйелдерді оқыту.

Зейнетақы жарнасының үздіксіздігін және жинақтау көлемін ұлғайту үшін бала күтімі мерзімінде әйелдерге міндетті зейнетақы жарнасын қаражаттандыруды, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру мүмкіндігін кеңірек пайдалануды енгізуді ұсынуда.

Зейнетақымен қамсыздандырудағы гендерлік айырмашылықтың төмендеуіне және жеткілікті зейнетақы жинағы болмаған және зейнет жасына жеткен тұлғалар үшін зейнетақымен қамсыздандырудың минималды кепілдігіне мүмкіндік беретін болады. 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!