Назарбаев Тэтчердің қазасына көңіл айтты

Фотография - Назарбаев Тэтчердің қазасына көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчердің қаза болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің премьері Дэвид Кэмеронға көңіл айту жеделхатын жолдады

162 0


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчердің қаза болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің премьері Дэвид Кэмеронға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта Назарбаевтың Тэтчердің қазасын "терең күйзеліспен қабылдағаны" айтылған.

Назарбаев Тэтчердің Ұлыбританияның дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосқан саяси қайраткер ретінде әлемге танымал болғанын атап көрсеткен.

«Тэтчер ханыммен өткізген кездесулерімді әрдайым жылылықпен еске аламын және бұл жүздесулер екі ел арасындағы достық пен әріптестік қарым-қатынастардың негізі болып табылатынын сенімділікпен айта аламын» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және өз атынан Маргарет Тэтчердің отбасына және Ұлыбритания халқына шын ниеттен көңіл айтқан.

Маргарет Тэтчер 8 сәуір күні 87 жасында инсульттен қайтыс болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!