Елімізде құс тұмауына қарсы алдын алу шаралары күшейтілді

Фотография - Елімізде құс тұмауына қарсы алдын алу шаралары күшейтілді

Қытайда өршіп тұрған құс тұмауы Қазақстанға таралмауы үшін қазір елімізде алдын алу шаралары күшейтілді. 

268 0

Қытайда өршіп тұрған құс тұмауы Қазақстанға таралмауы үшін қазір елімізде алдын алу шаралары күшейтілді.

Шекарадағы өткізу бекеттерінде арнайы қондырғылар қойылып, тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Мұндай шара әуежайларда да қолға алынған. Құрылғылар жолаушылардың дене қызуын бірден тексеріп отырады. Бұл ауру жұқтырған азаматтарды олармен қарым-қатынасқа түспей-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ел тұрғындарын сақ болуға шақырады. Себебі, қауіпті вирус еліміздегі құстардан да жұғуы ықтимал.

Татьяна Кокоткина, дәрігер-инфекционист:

- Елімізге дәл қазір құс, не шошқа тұмауынан қауіп төніп тұрған жоқ. Қатер кәдімгі тұмаудан бар. Себебі, осындай мезгілде де мұндай вирустың таралуы өршиді.  


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!