Қазақстанда 3 млн-нан астам гектар жер иесіз жатыр

Фотография - Қазақстанда 3 млн-нан астам гектар жер иесіз жатыр

Бұл көрсеткіш әлі де артатыны анық

151 0

азақстанда ауыл шаруашылығына арналған 3 млн-нан астам гектар жер пайдаланбай келген. Бұл көрсеткіш әлі де артатыны анық. Себебі, бұл ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу мақсатындағы жұмыстардың бірінші кезеңінде ғана анықталған дерек.

«2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2012-2014 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу басталған болатын. Жерді түгендеу жұмыстарының мақсаты – шын мәнінде пайдаланып отырған жер телімдерінің қағаз жүзіндегі сандарға сәйкестігін тексерумен қатар, олардың қандай жағдайда екенін анықтау және алдағы уақытта оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу. Осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пайдаланбай жатқан 3 млн-нан астам гектар жер анықталды. Оның шамамен 400 мыңдай гектары егістікті құрайды»,- деп хабарлады бүгінгі Үкімет отырысында Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев.

Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары осы жерлерді 2013 жылы айналымға енгізілу көзделіп отырғанын атап өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!