Павлодар облысында бірталай ауылдық округтер қысқартылады

Фотография - Павлодар облысында бірталай ауылдық округтер қысқартылады

Қ.Кәрімовтың айтуынша қазіргі күні облыс аумағында саны 500 жаннан аспайтын ауылдық округтер бар көрінеді, бұл тиімді басқаруға қолайсыз

210 0

Павлодар облысында оңтайландыру мен ірілендіру шараларынан кейін 173 ауылдық округтің 148-і ғана қалады. Бұл жөнінде Павлодар облысы әкімі аппаратының жетекшісі Қанат Кәрімов мәлім етті.


Қ.Кәрімовтың айтуынша қазіргі күні облыс аумағында саны 500 жаннан аспайтын ауылдық округтер бар көрінеді, бұл тиімді басқаруға қолайсыз. Енді ірілендіруден кейін олардағы адамдарының саны 2-3 мыңнан кем болмайтын көрінеді.

«Округтерді ірілендіруден кейін әкімшілік басқару жақсарып, жол, су-энергиямен қамтамасыз ету, байланыс, т.б инфрақұрылымды дамытуға қолайлы жағдай жасалады. Қоғамдық тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық, санитарлық-ветеринарлық қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік туады»,– дейді Қ.Кәрімов.

Ауылдық округтерді оңтайландырудың барлық ұйымдастыру жұмыстары 15 сәуірге дейін даяр тұруы тиіс.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!