Германияның алғашқы өңдеуші кәсіпорны өз өндірісін Қазақстанға көшірмек

Фотография - Германияның алғашқы өңдеуші кәсіпорны өз өндірісін Қазақстанға көшірмек

Германияның алғашқы өңдеуші кәсіпорны «Funke-Kunststoffe» компаниясы өз өндірісін Қазақстанға көшіретін болады.

299 0

Германияның алғашқы өңдеуші кәсіпорны «Funke-Kunststoffe» компаниясы өз өндірісін Қазақстанға көшіретін болады.

Зауыт салу туралы келісімге 2010 жылы Германиядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, сондай-ақ «ҚазНексИнвест» АҚ-ның тікелей қатысумен қол жеткізілді.

   Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 25 млн. еуроны құрайды. Бұл жоба қазіргі уақытта аяқталуға таяу. Ал, «Funke-Kunststoffe» өндірісі елордада таяу айларда іске қосылады деп күтілуде.

   Кәсіпорынға 80 маман тартылады,  оның 28-і Германиядан келмек. Атап өтер жайт, зауыт озық технологиялармен жабдықталады. Компанияның сауда белгісі аясында шығарылатын өнімдерінің сапасы халықаралық стандарттарға толықтай сай болмақ. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда өндірілген өнім отандық нарыққа ғана емес, Шығыс Еуропа және Азия аумақтарына экспортталады.

   «Funke Kunststoffe GmbH»  компаниясы ПВХ-профильдері мен ПФХ-құбырларын жасап шығару саласындағы бүкіл әлемге кеңінен танымал жоғары инновациялық көшбасшы, пластиктен өндірілетін инженерлік жүйелердің дүние жүзіндегі ең жетекші тасымалдаушыларының бірі болып саналады. Өзінің ноу-хауы мен тұрақты кеңейіп келе жатқан өнім ассортиментінің арқасында,  алғашқы құрылған 1962 жылдан бастап  күні бүгінге дейін "Funke Kunststoffe" әлемдік құрылыс нарығында танымал болып келеді.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!