ҚР СІМ Корея түбегіндегі жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді

Фотография - ҚР СІМ Корея түбегіндегі жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов Корея түбегіндегі жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің көзқарасын білдіру кезінде мәлім етті.

251 0

Біз Корея түбегінде орын алған жағдайдың ушығуына қатысты айтарлықтай алаңдаушылығымызды жеткіземіз.

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов Корея түбегіндегі жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің көзқарасын білдіру кезінде мәлім етті.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы ядролық қаруды таратпау жөніндегі ғаламдық үдерістің көшбасшыларының бірі болып табылады. Атап айтқанда, БҰҰ аясында Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-шара күнін жариялау бастамасын ұсынған мемлекет - Қазақстан болып табылады. Біздің еліміз халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке біртіндеп іс жүзінде үлес қосып келеді. Осылайша, 5-6 сәуір аралығында біз Алматыда Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раундын қабылдадық», - деді ресми өкіл.

Осыған орай, ол ҚР СІМ Корея түбегінде орын алған жағдайдың ушығуына қатысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді. 

«Тараптар аймақтағы бейбітшілікті сақтау мақсатында барынша шыдамдылық пен байсалдылық танытады деп сенеміз. Қазақстандық тарап бұл мәселенің күшпен шешілуіне қарсы, себебі Шығыс Азиядағы тұрақтылық пен гүлденуді тек бейбіт реттеу ғана қамтамасыз ете алады», - деп атап өтті Ж. Үсенов.

Сонымен қатар, «Корея Халықтық Демократиялық Республикасының (КХДР) Ёнбендегі ядролық реакторын пайдалануын қайта бастауы Пхеньянның халықаралық міндеттерін және БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің тиісті резолюцияларын өрескел бұзуы деп білеміз», - деп мәлімдеді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ҚР СІМ ресми өкілі КХДР ядролық бағдарламасын толығымен жою мәселесі алтыжақты келіссөздер шеңберінде шешілуі тиіс екендігін баса айтты.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!