Челахтың командирі шекараға қайта келуі мүмкін

Фотография - Челахтың командирі шекараға қайта келуі мүмкін

«Сары бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фоминнің әскери шенін ешкім де шешкен жоқ. 

276 0

«Сары бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фоминнің әскери шенін ешкім де шешкен жоқ. Сондықтан да ол түрмеде жазасын өтеп болған соң, шекара саласына қайта қызметке келі мүмкін, деп мәлімдеді оның заңды қорғаушысы.

«Уақыт өте келе Фомин шекара қызметіне қайта келуі мүмкін. Өйткені, сот оның әскери шенінен айырған жоқ. Сондай-ақ, ол заңгер болуы да мүмкін. Себебі оның заңгерлік жоғары білімі бар, - дейді Алексейдің қорғаушысы Азат Файзуллаев.

Қорғаушының айтуынша, Фоминнің шешесі наурыз айында ұлының мерзімінен бұрын босап шығуын сұрап, ресми органдарға өтініші жазыпты. Осы жылдың мамыр айында Талдықорған қалалық соты Челахтың бұрынғы командирінің мәселесін шешеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Фомин Арқанкерген оқиғасына байланысты ақпарды дер кезінде мәлімдемеді деген айыппен бас бостандығынан айырылған болатын.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!