Финляндия Президенті келесі аптада Қазақстанға ресми іссапармен келеді

Фотография - Финляндия Президенті келесі аптада Қазақстанға ресми іссапармен келеді

Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистё жұбайымен Қазақстанға 2013 жылғы 16-18 сәуірде ресми іссапармен келеді

228 0

Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистё жұбайымен Қазақстанға 2013 жылғы 16-18 сәуірде ресми іссапармен келеді деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

«Президент Ниинистё сәрсенбі күні 17 сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер Финляндия мен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қатынастар бойынша өтеді»,-делінген хабарламада.

Ресми іссапарға өнеркәсіп министрі Ян Вапаавуори және өнеркәсіптер директорларының делегациясы қатысады. Бизнес-делегацияда мына өнеркәсіптер: Outotec, Patria, Vaisala, ABB, Tikkurila, Honkarakenne, Metso, Planmeca и Lappset көрсетіледі. Іссапар шеңберінде 17 сәуірде «Жасыл» экономика және модернизациялау жөніндегі Қазақстан-фин саммиті» өтеді.

Министр Вапаавуори сондай-ақ «МАЙНЕКС Орталық Азия» тау өнеркәсібі форумына қатысады, аталған форумда ол ҚР Премьер-министрнің орынбасары, Қайрат Келімбетовтен кейін құттықтау сөздерін сөйлейді.

Ниинистё президентінің делегациясының құрамында Финляндия Жоғарғы әкімшілік сотының бұрынғы төрағасы Пекка Халберг бар, ол Орталық Азияда құқықтық мемлекетті дамытуды қолдау жобасына қатысқан.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!