Қазақстан мен Швейцария Оңтүстік Африкада бiрлескен тантал өндiрiсiн ашпақ

Фотография - Қазақстан мен Швейцария Оңтүстік Африкада бiрлескен тантал өндiрiсiн ашпақ

Ортақ жобаны iске асыру туралы шешiм нақты ағымдағы жыл iшiнде қабылданатын болады. 

209 0

Қазақстан мен Швейцария мемлекеттерi Оңтүстiк Африкада бiрлескен тантал өндiрiсiн ашуға мүдделi. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Швейцария Iскерлiк кеңесi отырысының сыртында журналистерге берген сұхбатында «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ басқарама төрағасы Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бiзде ең жетiк тантал өндiрiсi болғанымен, ол ниобийлiк болып табылады. бiздiң өзiмiздiң шикiзатымыз жоқ. Бiз оны бүкiл әлемнен алып келемiз. Оңтүстiк Африкада кен өндiрушi және қайта өңдеушi зауыттың өкiлдiгiне ие швецариялық компаниямен бiрлесе отырып, бiз ортақ кәсiпорынды ашуға мүдделiмiз. Бұл бiздiң комбинаттарымыздың өзiнiң шикiзатына ие болу мақсатында жасалмақ. Қазiргi уақытта ортақ жобаның техника-экономикалық негiздемесi, шығындар мен қауiп-қатерлер, логистика мәселелерi қарастылып, талқыланып жатыр. Аталаған ортақ жоба Қазақстанда не Швецарияда емес, Африкада ашылмақ, сондықтан бұл мәселенi iскерлiк кеңес деңгейiне талқылауға шығарып отырмыз. Жобаны қолдау үшiн сыртқы iстер министрлiктерi мен елдерiмiздiң үкiметтерiн тарту қажет. Бiздiң бұл жобаға деген қызығушылығымыз мол. Себебi, біз аталған iрi шикiзатты қайта өңдеушi болып табыламыз және технологиямыз да бiрегей болып табылады», - дедi В.Школьник.

Оның айтуынша, ортақ жобаны iске асыру туралы шешiм нақты ағымдағы жыл iшiнде қабылданатын болады.

«Жобаны жүзеге асыру үшiн екiжақты қоса алғанда 100 млн доллар инвестиция бағыттау қажет болады», - деп түйiндедi ол.

Бүгiн Астанада Қазақстан-Швецария Iскерлiк кеңесiнiң бiрiншi отырысы өтуде. Отырыс жұмысына электротехника, машина жасау, логистика, туризм сынды салалар бойынша 30 iрi швецариялық компания өкiлдерi қатысуда. Қазақстандық тарап жағынан министрлiктер мен ведомстволар басшылары, iрi ұлттық компаниялар, «Kazenergy», «Kaznex invest», «ҚазАгро», Қазақстанның машина жасау одағы, бiрқатар кәсiптiк бiрлестiктер өкiлдерi қатысып отыр.

Шара барысында тараптар Қазақстанның жасыл экономикаға көшуiне қатысты бастамаларын жүзеге асыру мен инвестициялар саласындағы екiжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсыныстарды талқыламақ. Сонымен қатар, химия, фармацевтика, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру, аграрлық сектор, темiржол көлiгi, тау-кен өнеркәсiбi саласындағы өзара ынтымақтастық мүмкiндiктерi қарастырылатын болады. Кездесу қорытындысы бойынша Iскерлiк кеңес жарғысына қол қойылып, 2-шi отырыстың уақыты мен өткiзiлетiн орны белгiленбек.

 

bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!