Астанада Тэтчердің қазасына көңіл айту кітабы ашылды

Фотография - Астанада Тэтчердің қазасына көңіл айту кітабы ашылды

Кітапшаға осы аптаның соңына дейін күнделікті сағат таңертеңгі 10-нан бастап кешкі 4-ке дейін көңіл айту жазбаларын жазып қалдыруға болады.

182 0

Астанадағы Ұлыбритания елшілігінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің қазасына көңіл айту, пікір білдіруге арналған кітапша ашылды. Бұл туралы Ұлыбритания елшілігінің Twitter-дегі аккаунтында хабарланды. Кітапшаға осы аптаның соңына дейін күнделікті сағат таңертеңгі 10-нан бастап кешкі 4-ке дейін көңіл айту жазбаларын жазып қалдыруға болады.

1979-1990 жылдары Ұлыбритания премьер министрі болған саясаткер Маргарет Тэтчер 8 сәуірде 87 жасында инсульттен қайтыс болған еді. Марқұмды жерлеу 17 сәуірге белгіленіп отыр.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!