Алматыда ҚР хирургтерінің IV конгресі өтеді

Фотография - Алматыда ҚР хирургтерінің IV конгресі өтеді

Оған Еуропа, Жапония, Корея, Израиль, Түркия, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің 45 білікті маманы қатысады.

252 0

 Алматыда 15-19 сәуір аралығында ҚР хирургтерінің IV конгресі өтеді. Оған Еуропа, Жапония, Корея, Израиль, Түркия, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің 45 білікті маманы қатысады.

Алқалы кеңес 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының Жолдауында 2013 жылға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. 

Конгресс бағдарламасына сәйкес 20-дан астам шеберлік сыныптары өткізілмек. Оның шеңберінде жетекші хирургтер заманауи инновациялық технологияларды ендіру үшін ота жасайды, денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті маман әзірлеу бағытында жас ғалымдардың байқауы, медициналық нарықта қызмет ететін отандық және шетелдік кәсіпорындардың соны жетістіктерінің көрмесі өткізіліп, заманауи дәрі-дәрмектер, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар назарға ұсынылады. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларына баса мән беріледі деп күтіліп отыр. 


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!