Н. Нығматулин Санкт-Петерборда өтетін халықаралық форумда Еуразиялық интеграция мәселелері жөнінде сөз сөйлейді

Фотография - Н. Нығматулин Санкт-Петерборда өтетін халықаралық форумда Еуразиялық интеграция мәселелері жөнінде сөз сөйлейді

Форумға жиналған ТМД елдері парламенттерінің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар ЕЭК өзекті мәселелерін талқыға салады.

249 0

 Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Еуразияның экономикалық келешегі» тақырыбында өтетін халықаралық форумға қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына келді. Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Форумға жиналған ТМД елдері парламенттерінің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар ЕЭК өзекті мәселелерін талқыға салады.

Конференцияның басты тақырыбы - Еуразия кеңістігіндегі өзара тиімді экономикалық ықпалдастық.

Дәл осы күні Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ЕурАзЭҚ ПАА-ның Бюросы мен жалпы отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - экономика, сауда, қаржы айналымы және жұмыс күші салаларында заңдарды үндестіруге қатысты маңызды болып табылатын интеграциялық мәселелер. 

Мәжіліс Спикері сондай-ақ, ТМД ПАА және ҰҚКҰ ПА шараларына қатысады.

Cонымен бірге, Н. Нығматулиннің РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік Думасының Спикері Сергей Нарышкинмен, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы   Жан-Клод Миньонмен және Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Рыбакпен кездесуі жоспарланып отыр. 


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!