Қазақстанда жуық арада тау-кен өнеркәсібі университеті ашылады

Фотография - Қазақстанда жуық арада тау-кен өнеркәсібі университеті ашылады

Бұл туралы бүгін «Қазақстандық өнiм жасаймыз» атты IV форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлім етті

161 0

Қазақстанда жуық арада тау-кен өнеркәсібі университеті ашылады.

Бұл туралы бүгін «Қазақстандық өнiм жасаймыз» атты IV форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлім етті.

«Бүгінде геология және тау-кен өнеркәсібі саласында университет ашу үшін шетелдік оқу орындарының бірімен келіссөздер жүргізілуде. Оның себебі соңғы 20 жыл ішінде осы саладағы технология айтарлықтай жаңарды, енді оларды үйрену қажет. Бұл осы жолдағы бірінші қадам болмақ. Екіншіден, біз политехникалық университетімен, Семей колледжімен, Білім және ғылым министрлігімен қазіргі бар мәселелерді бірлесіп шешуге келістік», - деп атап өтті Ә. Исекешев.

Министрдің айтуынша, соңғы кездері гидрогеолог, геофизик деген мамандықтар мүлдем жойылып кетті. Өйткені оларға мемлекеттік гранттар бөлінбейді. Осыған байланысты ИЖТМ оқу бағдарламаларын бекіту шараларына қатысуды көздеп отырған көрінеді.

Сондай-ақ, ведомство отандық тауар өндірушілердің сұранысқа ие тауарларының тізімін жасады. Министрдің айтуынша, бұл тізімге алдын ала 95 тауар түрі еніп отыр, олардың барлығы жоғары сұранысқа ие және үлкен көлемде өндіріледі. Аталмыш тізімге құрылыс материалдары, химиялық өнімдер, құбырлар, арнайы киімдер және басқалары кіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!