«Ауғанстанға алғашқы көмекті Қазақстан көрсетті»

Фотография - «Ауғанстанға алғашқы көмекті Қазақстан көрсетті»

Ауғанстандағы жағдайды алдағы уақытта әскери емес, бейбіт жолмен шешу керек

137 0

Ауғанстандағы жағдайды алдағы уақытта әскери емес, бейбіт жолмен шешу керек. Астанада өткен «Аймақтық қауіпсіздік және Ауғанстандағы жағдай» атты халықаралық конференция қатысушыларының пікірі осыған саяды.

2014 жылға дейін НАТО әскері бұл елден шығарылуы тиіс. Содан кейінгі жағдай не болмақ? Осы мәселе әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Әсіресе, көрші мемлекеттер 20 жыл бойы соғыстан көз ашпай келген ауғандықтарға көмек қолын созуға даяр екенін білдірді.

Бақытжан ЕРТАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ертеңгі күн не болады? Коалиция кетеді, қалай болады? Ауған елі тыныштыққа жетуң керек. Олар да шаршады. 20 жылдан астам соғыс болып жатыр. Біз қазақстандықтар бір мыңнан астам балаларды оқытып жатырмыз. Бірінші көмекті біз беріп жатырмыз. Көршілерімізде тыныштық болса, бізде тыныштық болады.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!