Инспекторлар Қазақстан нарығында балаларға қауіпті ойыншықтарды анықтады

Фотография - Инспекторлар Қазақстан нарығында балаларға қауіпті ойыншықтарды анықтады

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің инспекторлары биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан нарығында балаларға қауіпті ойыншықтарды анықтады.

290 0

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің инспекторлары биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан нарығында балаларға қауіпті ойыншықтарды анықтады.

Аталған комитеттің төрағасы Рыскелді Сәтбаевтың айтуынша, өрендердің ойыншықтарын сатумен айналысатын жалпы 17 сауда орындары тексеріліп, оның ішінде 10-ы бойынша заң бұзышылықтар анықталды. 779 050 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 10 451 389 теңге сомасындағы ойыншықтардың 108 партиясын сатуға тыйым салынды.

Мәселен, Қарағандыдағы ірі сауда орындарының бірінде жеке кәсіпкер тігістері дұрыс бекітілмеген қытайлық ойыншықтар мен жағымсыз иісі бар қуыршақтарды саудаға қойған екен. Бұл бизнесменнің кейбір ойыншықтары таңбаланбаған, сондай-ақ тұтынушылар үшін мемлекеттік тілде ақпараттар да толық көрсетілмеген. Бұған қоса, кәсіпкер сәйкестік сертификатын да ұсынбаған екен.

«Тексеріс қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, 81 мың теңгенің ойыншықтарының 10 партиясын саудалауға тыйым салынды»,-деп толықтырды Р. Сәтбаев.

Сонымен қатар комитет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі осы тектес фактілер орын алғанын атап өтті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!