Ғарифолла Есім Семейде зиялы қауым және студент жастармен кездесті

Фотография - Ғарифолла Есім Семейде зиялы қауым және студент жастармен кездесті

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім «Абай арманы» зиялылар клубының кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр

205 0

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім «Абай арманы» зиялылар клубының кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. 

Жиынға қаланың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ғалым, профессорлар, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Көрнекті философ-ғалым, жазушы, академик Ғарифолла Есім «Шәкәрім және бүгінгі заман» тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде ол қазіргі заман мен Шәкәрімнің заманын салыстырып, Шәкәрімнің сол кездегі жазғаны - қазіргі ұрпаққа рухани байлық, тәлім - тәрбие, азық екенін айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлы философтың артынан қалдырған сөздерін оқып, қазіргі заманмен салыстыра отырды.

«Шәкәрім бабамыздың айтуынша заманға сай болу - қазіргі Қазақстанның инновация жолындағы бастапқы міндеті. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін заманға сай адам болу керек. «Ақылды жанның мүлкі - әлемі», - дейді Шәкәрім. Ақылды жан ол кім? Ақылды жан ойын жүзеге асыра алатын, іс- әрекетінің нәтижесін көретін адам. Егер ақылмен жұмыс істесең, бүкіл әлем сенікі», - деп қорытты ғалым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!