Қ.Лама Шариф, В.Божко, С.Әбденов пен Е.Досаев азаматарды қабылдайды

Фотография - Қ.Лама Шариф, В.Божко, С.Әбденов пен Е.Досаев азаматарды қабылдайды

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов алдағы күндері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды

199 0

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов алдағы күндері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бұл аз десеңіз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев азаматтардың алдына келмек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

«Осы уақытқа дейін Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Жұмаділдаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ішкі істер министрінің орынбасары Кененбаев қоғамдық қабылдау өткізген. Олар 112 азаматты қабылдады. Алдағы уақытта төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі – Мұрат Оспанов, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф қоғамдық қабылдау өткізеді»,- деп хабарлады бүгін партияның орталық аппаратында өткен брифинг барысында Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қабылдау кестесі партия газеті мен партияның сайтында жарияланып тұратынын ескерткен ол жақын арада кім қабылдау өткізгенін мәлім етті.

Сонымен, 15 сәуір күні төтенше жағдайлар министрі В.Божко, 24 сәуір күні көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев, 25 сәуір күні Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасыМ.Оспанов азаматтарды қабылдайтын болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!