Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтуде

Фотография - Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтуде

2012 жылы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге 1,5 миллионнан астам адам қатысса, биыл бұл сан әлдеқайда жоғары болады деп күтілуде

197 0

2012 жылы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге 1,5 миллионнан астам адам қатысса, биыл бұл сан әлдеқайда жоғары болады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында айтылды.

Отырыс барысында бірнеше мәселені талқылау көзделген. Біріншісі - ҚХА-ның ХХ сессиясына шығарылатын сұрақтар. Екіншісі -Ассамблея төрағасының орынбасары, «Ахыска» республикалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зитдин Қасановтың атқарған жұмыстары туралы есебі. Сондай-ақ 1 Мамыр мерекесіне, Қазақстан халқының бірлігіне бағытталған жұмыстарға байланысты сұрақтар қаралатын болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы аясында ҚХА қызметін дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жасалды. Онда 2014 жылға дейінгі 46 іс-шараның жоспары әзірленген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!