Қырғыз Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

Фотография - Қырғыз Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Ерлан Әбділдаевтың кездесуінен кейін екі ел ведомстволарының бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды

193 0

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Ерлан Әбділдаевтың кездесуінен кейін екі ел ведомстволарының бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте кездесу барысында өздерінің толыққанды пікір алмасқандарын бас айтқан Е.Ыдырысов: «Өздеріңіз білетіндей кеше Қырғыз Республикасы Президентінің жұмыс сапары өтіп, ол біздің жұмыстарымызға екпін берді. Қырғызстан біздің - таяу көршіміз әрі стратегиялық әріптесіміз», - деді.

Сонымен қатар Е.Ыдырысов екі елді баяғыдан келе жатқан бауырлас достықтық дәнекері байланыстыратындығын баса айтып, Қазақстан мен Қырғызстан әріптестігінің болашағы зор деген бағасын берді.

«Алдағы уақытта Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Ағымдағы жылы Қазақстанда Қырғызстанның Мәдени күндері де ұйымдастырылады», - деді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!