Астана мен Бішкек арасында әуе қатынасы ашылады

Фотография - Астана мен Бішкек арасында әуе қатынасы ашылады

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескеннен кейін өткен брифингте Қырғыз Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев мәлім етті

208 0

Астана мен Бішкек арасында әуе қатынасы ашылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескеннен кейін өткен брифингте Қырғыз Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, өткен жылы екі елдің президенттері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымын миллиард долларға жеткізуге тапсырма берген болатын. Бұл меже толығымен орындалды. Дегенмен, бұл шек емес. Мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады.

«Қазақстан Қырғызстандағы ірі инвесторлардың бірі. Біз Қазақстан инвестициясына зор мән береміз әрі қазақ инвесторларын Қырғызстан аумағындағы қызметтерін кеңейтуге шақырамыз», - деді ол.

Сондай-ақ қырғыз Сыртқы істер министрі осы айдан бастап Астана мен Бішкек арасында әуе қатынасы жолға қойылатындығын атап өтті. «23 сәуір күні Астана-Бішкек рейсі орындалады. Оны «Эйр Астана» аптасына 4 реттік жиілікпен жүзеге асырмақ», - деді Е.Әбділдаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!