Ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр

Фотография - Ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр

Хадистерде жастарды суға жүзу, жүгіру, күрес, садақ ату сынды спорт түрлеріне баулу керектігі айтылса да, бүгінде ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр

165 0

Хадистерде спорт түрлеріне баулу керектігі айтылса да, бүгінде ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр. Бүгін Атырау қаласына «Дін және жастар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, ел болашағы һәм жастар мәселесі жайлы баяндама жасаған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлім етті. 

Өз сөзінде жастар арасында белең алған кері құбылыстарға тоқталған Бас мүфти, қазақ қоғамы да осы шындықтармен бетпе-бет келіп отырғанын айтып, бірқатар мәселелерге кеңірек тоқталып өтті.

«Жалпы сергектік жастарға тән қасиет болғандықтан, спортты іні-қарындастарымыздың жан серігіне айналдыра білу де маңызды. Хадистерде жастарды суға жүзу, жүгіру, күрес, садақ ату сынды спорт түрлеріне баулу керектігі айтылса да, бүгінде ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр. Ендеше, бізде әлемдік додаларда топ жаратын мұсылман жастарды шығаруға атсалысуымыз қажет», - деген Ержан қажы Малғажыұлы жеткіншектер арасында семіздік ауруының кең тарап бара жатқанына да алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, алдын алуды баса қажет ететін осынау дерттің жауабы ислам дінінде қамтылған. «Яғни ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керектігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып, іс жүзінде көрсетіп үлгі болып кеткен. Шариғатымызда ненің харам, ненің халал екені ашық та айқын көрсетілген», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!