Келесі аптада елордада күн салқындауы ықтимал

Фотография - Келесі аптада елордада күн салқындауы ықтимал

Қазгидромет мәліметтеріне жүгінсек, ауа райы демалыс күндері  аздап суытып,  аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.  Температура  +1+3 °C

163 0

Астанада соңғы аптада бұрын болмаған көктемгі ыстық орын алды. Қала тұрғындары бірден жаздың аптабына кездескендей көйлекшең көшелерге шықты. Өйткені, сынап бағанасы 20 градустан жоғары жылылықты көрсеткен еді. Осыған қарамастан, қаланың коммуналдық қызметі жылу беру маусымын тоқтатқан жоқ. Олардың айтуынша, алдағы аптада Астанда күн қайтадан суытатын көрінеді, деп хабарлады елорданың ресми сайтынан.

Қазгидромет мәліметтеріне жүгінсек, ауа райы демалыс күндері  аздап суытып,  аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.  Температура  +1+3 °C.

Келесі күні де температура аздап төмендейді. Ал алдағы дүйсенбіден бастап,  Астанада қайтадан суытып, жаңбыр жауады. Температура түнде  0°C  төмендеп, күндіз +1+3°C. шамасында болады. Апта бойы күн райы осылай бір қалыпта тұрады. Тек түнде  -2-4°C төмендеуі ықтимал.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!