ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстанға келді

Фотография - ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстанға келді

Үкімет басшысы алдымен әлемдегі ірі кен орындарының бірі - Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кенішінде болып, оның технологиялық тыныс-тіршілігімен танысты

224 0

Министрі Серік Ахметов бүгін жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Үкімет басшысы алдымен әлемдегі ірі кен орындарының бірі - Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кенішінде болып, оның технологиялық тыныс-тіршілігімен танысты.

Аталмыш кенішті игеріп әрі дамытып келе жатқан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы (бас директоры Дамиано Ратти) Би Джи Групп (29,25 пайыз), Эни (29,25 пайыз), Шеврон (18 пайыз), Лукойл (13,5 пайыз) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның бірлескен кәсіпорны болып табылады. 1997 жылы өнім бөлісу жөніндегі түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері «ҚПО б.в.» компаниясы барынша тиімді экономикалық пайда табу мақсатына ең озық өндіріс технологияларын қолдана отырып, кенішті игеруге 17 млрд. астам доллар инвестиция құйды.

Осы тектес басқа компаниялармен салыстырғанда, «ҚПО б.в.» газды пайдалану көрсеткіштері бойынша алдыңғы орынды иеленеді. Айталық, 2012 жылы газды пайдалану көрсеткіші 99,87 пайызға жетті, бұл әлемдік деңгей болып табылады.

Премьер-Министр Қарашығанақта болғаннан кейін Зеленов ауданы Янайкин ауылындағы 8640 басқа арналған «Кроун Батыс» ЖШС-ның мал бордақылау кешенінде өңірдің агроөнеркәсіп саласын дамыту жайымен және оның болашағымен танысады.

Жобалық құны 3,2 млрд. теңгені құраған аталмыш кешен 2010 жылдың соңында іске қосылған болатын. Бастапқыда 892 ірі қара болса, 2011 жылы 806 ірі қара сатып алынып, 397 тонна (соның 65 тоннасы Ресейге шығарылды) ет өткізілді. 2012 жылы кәсіпорынға мал сатып алу үшін 500 млн. теңге бөлініп, ол сол мақсатқа жұмсалуда. Осы жылы 210 бас мал сойылып, 49 тонна тауарлы ет тоңазытқышта сақталуда.

Қазіргі кезде бордақылау алаңында 3200 бас бар. «КазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы қосымша 200 млн. теңге бөлінген жағдайда серіктестік биылғы жылдың аяғына дейін толық қуатында жұмыс істеуге көшіп, яғни мал басын 8640-қа жеткізе алады.

Үкімет басшысының сапары соңында Орал қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да аралас өндірістерді дамыту, ірі кен өндіруші компаниялар төңірегіндегі жұмыс пен қызмет мәселелері бойынша кеңес өткізілмек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!