Қазақстандықтар Жеңіс күнінде 4 күн демалатын болды

Фотография - Қазақстандықтар Жеңіс күнінде 4 күн демалатын болды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды.

197 0

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды.

Үкімет басшысының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі 4 мамырдан жұма 10 мамырға ауыстырылды.

Қаулыға сәйкес қажетті өнімдер шығару, қызметтер көрсету, қаржылық қызметті қосқанда еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосуға байланысты, кәсіподақ ұйымдарымен келісім арқылы 2013 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес төленетін болады.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!