Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында болды

Фотография - Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында болды

Бұл аудандағы сапарын аймақ басшысы шалғай ауылдарды аралап көруден бастады. Қ.Көшербаев ондағы Іңкәрдария ауылындағы орта мектептің жайымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті

160 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында болды.

Бұл аудандағы сапарын аймақ басшысы шалғай ауылдарды аралап көруден бастады. Қ.Көшербаев ондағы Іңкәрдария ауылындағы орта мектептің жайымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Кездесуде биылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу кеңінен сөз болды. Жиында аймақ басшысы ҰБТ-ның өз дәрежесінде өтуін бақылауды аудан басшысына тапсырды. Одан кейін мектеп жанынан ашылған 25 орындық шағын орталықты аралады. Осы жерде ауыл ақсақалдарымен және тұрғындарымен кездесіп, елді мекендегі өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланды. Осы ауылдағы дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысқаннан кейін, Ақжарма ауылындағы «Мақсат» шаруа қожалығында болды. Айтулы шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, мал бордақылау алаңын ашқан.

Мұнан кейін облыс әкімі Сәкен Сейфуллин ауылындағы орта мектептегі фельдшерлік акушерлік қосынның жұмысын көрді. Осы жерде де өңір басшысы ауыл ақсақалдарымен және тұрғындарымен жүздесіп, олар көтерген мәселелерді мұқият тыңдады, мұнда биылғы егіс науқанына дайындық  мәселесі әңгіме болды.

Құндызды ауылдық округінде облыс әкімі білім беру, денсаулық сақтау нысандарында болып, тұрғындармен кездесті.

Ал, Асқар Тоқмағамбетов ауылында ауыз су құбыры және сервистік қызмет көрсету жұмысы таныстырылып, «Ақбұлақ» бағдарламасының орындалу барысы баяндалды. Балабақша, клуб жұмысымен де танысу осы сапар аясында өтті.

Одан кейін, аймақ басшысы Тереңөзек кентіндегі аудан әкімдігінде көктемгі егіс жұмыстарына қатысты мәжіліс өткізді. Дихандар көтерген мәселелерге талдау жасалып, өңірдің ауылшаруашылық саласындағы бағыттар сараланды, тиісті мемлекеттік органдар басшыларына тапсырма берілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!