Н.Назарбаев Финляндия Президентi Саули Ниинистемен кездеседi

Фотография - Н.Назарбаев Финляндия Президентi Саули Ниинистемен кездеседi

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады.

134 0

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президентi Саули Ниинистемен кездеседі. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Ресми өкілдің айтуынша, Мемлекет басшысы 17-шi сәуірде Қазақстанға алғаш рет мемлекеттiк сапармен келетiн Финляндия Президентi Саули Ниинистемен кездеседi. Осы сапардың басты мақсаты – Қазақстан-финдiк қарым-қатынсатардың ахуалы мен болашағын, сонымен қатар аймақтық және халықаралық мәселелердi жан-жақты талқылау. Екi елдiң көшбасшылары өзара келiссөздер жүргiзiп, Қазақстан-Финляндия жасыл экономиканы жаңғырту жөнiндегi форумға қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 17-18 сәуiр күндерi қазақстандық және финдiк ресми тұлғалар мен iскер топтар орталық Азия аймағындағы минералдық кен орнын игеру мен тау-кен өндiрiсi секторына шетелдiк инвестияцияларды тарту мәселелерiне қатысты Астанада өтетiн Майнекс Орталық Азия халықаралық кен өнеркәсiптiк форумына да қатыспақ.

Ал форум жұмысына фин өкiлдiгiмен қоса Монғолия, Тәжiкстан және Қырғыз елінің iскер топтары қатысуы көзделiп отыр», - деп толықтырды Алтай Әбибуллеав.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!