3 ай ішінде Қазақстанда 17 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді

Фотография - 3 ай ішінде Қазақстанда 17 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 17,3 млн. тонна мұнай өндірілді

134 0

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 17,3 млн. тонна мұнай өндірілді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артық.

«ҚазМұнайгаз» компаниясының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 2013 жылдың бірінші тоқсанында елімізде газ конденсатын өндіру 2,2 пайызға артып, 3,27 млн. тоннаны құраған. Сонымен қатар 30,6 млн. тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға кем.

Бұған дейін еліміздің Мұнай және газ министрлігі 2016 жылға дейін мұнай және газ конденсатын өндіру болжамын төмендеткен болатын.  Қазақстан 2013 жылы 82 млн. тонна, 2014 жылы 83 млн. тонна, ал 2015 жылы 90 млн. тонна мұнай және газ конденсатын өндіруді жоспарлауда. Сондай-ақ осы жылы 40,5 млрд. текше метр, 2014 жылы 41 млрд. текше метр, 2015 жылы 45 млрд. текше метр газ өндіру межеленген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!