Полициядағы кадр мәселесі бойынша комиссия құрылды

Фотография - Полициядағы кадр мәселесі бойынша комиссия құрылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

317 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша комиссия президенттің жанынан құрылып, полиция басшыларынан президенттік резерв жасақталады. Комиссия президентке немесе ведомство басшыларына құқық қорғау органдарындағы басшылық қызметке үміткерлерді тағайындау туралы ұсыныстарын жолдайды. 

Комиссия құрамына президент әкімшілігінің жетекшісі, президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, президент кеңсесінің басшысы, бас прокурор, ҰҚК төрағасының орынбасары, ішкі істер министрі, әділет министрі, төтенше жағдайлар жөніндегі министр, қаржы министрі, қаржы полициясының төрағасы кірген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!