М. Құл-Мұхаммед Мәскеуде Еуропа Кеңесі мәдениет министрлерінің Х конференциясында сөз сөйлейді

Фотография - М. Құл-Мұхаммед Мәскеуде Еуропа Кеңесі мәдениет министрлерінің Х конференциясында сөз сөйлейді

Конференция 15-16 сәуір күндері өтеді. Форумның жұмысына 250-ден астам делегат қатысады, олардың 30-ға жуығы Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері.

147 0

Мәскеуде Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер мәдениет министрлерінің Х конференциясы басталды.

Конференция 15-16 сәуір күндері өтеді. Форумның жұмысына 250-ден астам делегат қатысады, олардың 30-ға жуығы Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері.

Жиынның ашылу салтанатында Еуропа Кеңесі бас хатшысының орынбасары Габриэлла Баттайни-Драгони, Еуропа Кеңесі Министрлер комитеті төрағасының атынан Андорра мәдениет министрі Альберт Эстеве Гарсия және басқа да мемлекеттердің мәдениет министрлері сөз алады деп күтілуде.

Қазақстандық делегацияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед төрағалық етуде. Ведомство басшысы қазіргі әлеуметтік, экономикалық және қаржылық өзгерістер кезеңінде мәдениетке қолжетімділікті және қатысуды қамтамасыз ету тәжірибесі туралы баяндама жасайтын болады.

Форум барысында мәдениетаралық өзара әрекеттестік, әлемдегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жағдайында мәдени өмірді дамыту, сондай-ақ қазіргі қоғамның мәдениетті басқару саласындағы инновациялық әдістері мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Конференцияны ұйымдастырушылар жиын 2006 жылы «Мәдениетаралық диалог бойынша ақ кітапта» белгіленген Еуропа Кеңесінің стратегиялық бағытына сәйкес елдер арасындағы ықпалдастықты нығайту жолында жаңа маңызды кезең болатынына үміт артады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!