Қытай кәсіпкері қазақстандық шенеунікке пара бермек болған

Фотография - Қытай кәсіпкері қазақстандық шенеунікке пара бермек болған

деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

109 0

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты лауазымды тұлғаға пара берді деген айып тағылған Қытай Халық Республикасының 35 жасар азаматы Пен Айминге (Peng Aimin) қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«ҚХР азаматы Пен Айминь басқарған «CGC Overseas Construction Group CO..LTD» ЖШҚ филиалы Нұра өзенін сынаптан тазарту жұмыстарымен айналысқан. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің жергілікті департаменті шетелдік кәсіпорынның жұмысын тексеріп, бірқатар заңсыздықтарға жол берілгенін анықтаған. Алайда қытайлық кәсіпкер «келісу» үшін бақылаушы органның директорына 4000 АҚШ долларын ұсынған»,-деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен Пен Айминь ҚР ҚК-нің 312 бабы, 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, 2500 АЕК (4 327 500 теңге) айыппұл салынды.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!