Астанада дизельді қозғалтқыш шығаратын зауыт ашылады

Фотография - Астанада дизельді қозғалтқыш шығаратын зауыт ашылады

Зауыт Астана қаласында салынады. Кәсіпорынның іске қосылуымен 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

288 0

Қазақстанда дизельді қозғалтқыш шығаратын кәсіпорын ашылады. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан машина жасаушылары форумының аясында өткен дөңгелек үстелде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ- ның филиалы «Жаңа және импорт алмастыру өндірістерін дамыту орталығы» директорының міндетін атқарушы Әбдел Қыпшақбаев мәлім етті.

«Тағы бір қолған алынған жоба – дизельді қозғалтқыштар өндірісі. Жоба «General Electric» және ресейлік «Трансмашдизель» компанияларымен бірлесе жүзеге асырылады. Зауыттың жылдық қуаты 400 қозғалтқышты құрайды. Алғашқы дизельді қозғалтқыш 2014 жылы желтоқсанда шығарылады деп көзделген», - деді Қыпшақбаев.

Зауыт Астана қаласында салынады. Кәсіпорынның іске қосылуымен 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

«Зауыт өнімінің негізгі тұтынушысы – Локомотив құрастыру зауыты. Осылайша қазақстандық үлесті арттырып қана қоймай, оның сапасын да жаңа деңгейге көтереміз», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!