Жетімдерді баспанамен қамтамасыз ету туралы заң жобасы мақұлданды

Фотография - Жетімдерді баспанамен қамтамасыз ету туралы заң жобасы мақұлданды

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 15 қыркүйектегі №1203 қаулысына сәйкес Мәжіліске енгізілген.

379 0

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстандағы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізулер туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

«Ең бастысы - осы санаттағы балаларға бірінші кезекте баспана алуға құқық беру, сонымен бірге осындай жетім балалардың тізімін жеке жасау. Болжалды баспанаға мұқтаж балалар үйінің түлектерінің саны қазіргі уақытта 21 408 адам. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 856 320 шаршы метр баспана керек, бұл алдағы жылдары салынатын құрылыстың 1,2%», - деп атап өтті баяндамасында білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 15 қыркүйектегі №1203 қаулысына сәйкес Мәжіліске енгізілген.

Бұл заңнаманың мақсаты – аталған санаттағы балалардың тұрғын үй мәселелерін шешу, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және оларды әлеуметтік ортаға жақсы бейімдеу.

Заң жобасымен Қазақстанның бірқатар кодекстері «Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», және «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Қазақстан Республикасындағы Балалар құқығы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Мәжілістің барлық комитеттері аталған заңға оң қорытынды беріп отыр.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!