Зейнетақы жинағы жеткілікті болса әйелдердің 50 жаста зейнетке шығу құқы сақталады

Фотография - Зейнетақы жинағы жеткілікті болса әйелдердің 50 жаста зейнетке шығу құқы сақталады

20 жыл еңбек өтілі болғанда, бес және одан да көп бала туған әйелдерге 58 жаста зейнетке шығуға болады

188 0

Зейнетақы жинағы жеткілікті болған жағдайда әйелдер үшін 50 жаста зейнетке шығу құқы сақталады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіру болып табылады. «Әйелдер үшін зейнеткерлік жасын ер азаматтармен теңестіру олардың өздері үшін зейнетақы мөлшерін арттыруға деген мүмкіндікті қамтиды. Қосымша бес жылға арттыру зейнетақы жинақтарының өсімін он бес пайызға көбейтуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру келер жылдан басталып, 2023 жылға дейін он жыл бойы, жыл сайын алты айға көтеріле отырып, жүзеге асады. Мәселен, 1956 жылы туылған әйел келесі жылы 58 жасқа толады, ал ол зейнеткерлікке 58-де емес, 58,5 жасында  шығады», дейді С. Әбденов. Оның айтуынша, әйелдер үшін ертерек зейнеткерлікке шығу құқықтары да сақталады.

«Біріншіден, зейнетақылық жинақтары жеткілікті болғанда әйелдерге елу жасында зейнетке шығу құқы сақталады. Екіншіден, 20 жыл еңбек өтілі болғанда, бес және одан да көп бала туған әйелдерге 58 жаста зейнетке шығуға болады. Үшіншіден, Семей ядролық сынақ алаңдарындағы сынақ салдарынан жапа шеккендер, жоғары радиациялық аймақтарда тұрғандар 20 жыл еңбек өтілі болғанда 45  жасында зейнетке шыға алады», деді С. Әбденов.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!