Қазақстанның түпкі мақсаты-демократия мен бостандық - Н.Назарбаев

Фотография - Қазақстанның түпкі мақсаты-демократия мен бостандық - Н.Назарбаев

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Финляндия Президентімен өткен екіжақты кездесу қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

125 0

Қазақстанның түпкі мақсаты-демкоратия мен бостандық. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Финляндия Президентімен өткен екіжақты кездесу қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазақстан әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуға ұмтылады. Финляндияның бұл жолға түскеніне жүз жыл өтті. Қазақстанның егемендік алғанына 20 жыл ғана. Біз бұл бағыттағы қадамымыз Финляндиядан да жедел деп санаймыз. Кеңес Үкіметі ыдыраған соң күнделікті мәселелерді ғана ойладық. Қазір Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың құқықтары мен бостандығы тең мемлекетке айналды»,-деді Н.Назарбаев.

«Бізде 46 діни конфессия бар, еліміздігі барлық азаматтардың діни бостандығы қамтамасыз етілген. Бұл бағытта құқыққорғау органдары мен полиция қызметі жетілдірілуде. Батыстағы бостандық пен демократия біздің түпкі мақсатымыз. Біз осы жолмен келе жатырмыз»,-деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!