Машина жасау Қазақстан экономикасының негізгі салаларының біріне айналуы тиіс

Фотография - Машина жасау Қазақстан экономикасының негізгі салаларының біріне айналуы тиіс

ҚР Президентінің құттықтау сөзін Үкімет басшысы Серік Ахметов оқып берді.

290 0

Мемлекет басшысы бүгін Астанада өтіп жатқан Машина жасаушылар форумының қатысушыларына құттықтау сөз жолдап, саланың дамуына қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

ҚР Президентінің құттықтау сөзін Үкімет басшысы Серік Ахметов оқып берді.

«Терең тарихи дәстүрі мен өндірістік әлеуеті бар Қазақстанның машина жасау саласы жаңа типті экономикаға көшу үдерісінде ерекше маңызға ие. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының қолға алынған кезеңінен бері сала даңғыл даму жолына түсті. Қазақстанда жаңа бағыттар, соның ішінде су көлігі, локомотив, вагон және көлік машина жасау салалары пайда болды. Саланың сапалы қарқын ала дамуына жол ашу үшін аса маңызды мәселелерді шешу қажет. Олардың қатарында еңбек өнімділігін арттыру, жоғары білікті мамандарды дайындау және кластерлі білім беруді дамыту мәселелері бар. Машина жасау саласы жақын келешекте Қазақстан экономикасының негізгі салаларының біріне айналуы тиіс. Ол үшін мемлекетпен барлық жағдайлар жасалды, тиісті институционалды және нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды, инвестициялық жағдай жақсартылуда, мемлекеттік жеке әріптестік тетіктері жетілдірілуде», - делінеді ҚР Президентінің сөзінде.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!