Серік Сәпиев «Жас Отанда» спорттық бағытқа басшылық жасайды

Фотография - Серік Сәпиев «Жас Отанда» спорттық бағытқа басшылық жасайды

Бұл туралы  аталған ұйымның атқарушы хатшысы Нұрлан Сыздықов орталық кеңес отырысында мәлім етті.

177 0

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев ""Жас Отан" жастар қанатында спорттық бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге басшылық жасайтын болады. Бұл туралы  аталған ұйымның атқарушы хатшысы Нұрлан Сыздықов орталық кеңес отырысында мәлім етті. 

«Өздеріңіз білетіндей спорт бағыты, салауатты өмір салтын ұстану - «Жас Отан» басшылыққа алатын маңызды бағыттардың бірі. Серік Сәпиев бізде спорттық бағытқа басшылық жасайтын болады», - деді Н.Сыздықов.

Өз кезегінде С.Сәпиев жастармен жұмысқа барлық Олимпиада, Әлем чемпиондарын тарту қажеттілігіне ерекше тоқталды.

«Әлем, Олимпиада чемпиондарының жастармен жиі кездесіп тұрғандығы өте орынды. Спортшылар жастарымызға жеңіске әркімнің де жете алатын көрсетуге тиіс. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын күшейту қажет», - деді Олимпиада чемпионы.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!