Елімізде комбайн және трактор шығаратын зауыт салынады

Фотография - Елімізде комбайн және трактор шығаратын зауыт салынады

Бұл жұмыс Қазақстанның машина жасаушылары мен Ресейдің «Трактор зауыттары» концернімен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асқалы отыр

1296 0

«Қазақстанда жасалған!» Көп ұзамай дәл осындай белгімен Петропавл қаласында 3-4 класты астық жинау комбайндары мен доңғалақты тракторлар шығарыла бастайды.

Бұл жұмыс Қазақстанның машина жасаушылары мен Ресейдің «Трактор зауыттары» концернімен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асқалы отыр. Енді Красноярдың зауыты Ресейдегі қызметін тоқтатып, еліміздің теріскейіне қоныс аударады. Осы игі бастамаға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы, облыстық әкімдік қолдау көрсететін болды. «Тиянақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығарудың мүмкіндігі туды. Бұл іске орта және шағын бизнес өкілдері де араласуы мүмкін. Сөйтіп, өзімізде жасалған өнімнің игілігін көретін болдық», – дейді «Қазақстанның машина жасаушылары одағы» ЗБТ басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!