Euronews Астананы ауа райын хабарлау тізіміне қосты

Фотография - Euronews Астананы ауа райын хабарлау тізіміне қосты

Тәулік бойы хабар таратын телеарна Қазақстанның жас астанасын әлем астаналарының  ауа-райы туралы хабар беретін тізіміне қосқан.

303 0

Тәулік бойы хабар таратын телеарна Қазақстанның жас астанасын әлем астаналарының  ауа-райы туралы хабар беретін тізіміне қосқан.

Бұл туралы саясаттанушы, APEX Consult  бас директоры Данат Жумин өткен аптада Астанада Euronews вице-президентімен кездескенде мәлім болғанын айтады.

Данат Жумин вице-президентпен кездесу барысында Астаны әлем астаналарының ауа- райымен таныстаратын тізімге қосу туралы ұсыныс жасаған. Саясаттанушының атына Астана қаласының аталған тізімге қосылғаны туралы  ресми хат 18 сәуір күні келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Euronews Астананың ауа райын бірқатар Азия мемлекеттеріне таратып келген-ді. Телеарна  Қазақстан астанасын Алматы қаласымен шатасытырып, өрескел қателік те жіберген.

Сондай-ақ, 2013 жылдың наурыз айынан бастап, әлемдегі алпауыт CNN телеарнасы да еліміздің бас қаласын әлем астаналарының ауа-райымен таныстыру тізіміне қосқан


Тегтер:

телевидение

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!