Қазақстанның бірнеше қаласында Энерготиімділік орталықтары салынуда

Фотография - Қазақстанның бірнеше қаласында Энерготиімділік орталықтары салынуда

Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында Энерготиімділік орталықтары салынуда.

182 0

Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында Энерготиімділік орталықтары салынуда.

Бұл туралы бүгін Астанада «ТКШ-ЭКСПО-2013» халықаралық форумы барысында Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті.

«Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында Энерготиімділік орталықтарының құрылысы басталып кетті. Олардың базасында инновациялық, ресурс үнемдегіш технологиялардың, материалдар мен өнімдердің көрмесі және энерготиімділік саласы мамандарының біліктілігін арттыру семинарлары ұдайы ұйымдастырылып отырады. Орталық ғимараттары энерготиімді құрылыстың үлгісі болады», - деп атап өтті С.Нокин.  

Сонымен қатар ол Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртудың ұзақмерзімді бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын да тілге тиек етті.

«Энерготиімділік пен ресурс үнемділік барлық салалардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бұл түйткіл ерекше маңызға ие. Себебі елдегі жалпы жылу энергиясының 40 пайызын, электр энергиясының 22 пайыздан астамын осы сала тұтынады. Сондықтан ТКШ-ні жаңғырту бағдарламасы жылу және энергия тұтыну көрсеткіштерін азайтуға бағытталған», - деді С.Нокин.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!