Мемлекет басшысы Бурабайда «Қазақстандық артек» салуға рұқсат берген жоқ

Фотография - Мемлекет басшысы Бурабайда «Қазақстандық артек» салуға рұқсат берген жоқ

Бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев интелектуальды мектептері», «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда «Қазақстандық артек» салуға рұқсат берген жоқ

268 0

Бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев интелектуальды мектептері», «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда «Қазақстандық артек» салуға рұқсат берген жоқ.

Отырыс барысында «Назарбаев Университеті» ААҚ атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Сарижипов: «Бурабайда ғылыми білім беру, сауықтыру орталығының бас жоспары әзірленді. Ол жерде «Назарбаев интелектуальды мектептері» аясында   жұмыс істейтін сауықтыру орталығы болады»,- деді.

«Бұл не демалыс орны ма?»,- деп сұрады Елбасы баяндамашыдан. Осы орайда бұл сауалға жауап берген Үкімет басшысының білім саласына жауапты орынбасары Ербол Орынбаев, бұл нысанның «Қазақстандық артек» сияқты жыл бойы сабақ өтетін мектеп болатындығын айтты.

«Тек интелектуальды мектептерге ғана емес, басқа да мектептердің үздік оқитын оқушыларына арналады. Бұл кеңестік артек сияқты болуы тиіс. Жыл ішінде олар 1 ай сауықтырылып әрі білім алады, қасында университеттің экологиялық проблемаларды зерттеу зертханасы болады»,-деді Е. Орынбаев.

«Тыңда, асыра сілтемейік. Алдымен біз біреуін бітіріп алайық. Демалыста өздері дем алып, сауыға алмай ма? Біз нені қалап отырмыз, түсінбеймін. Оқу бола ма, демалыс бола ма»,-деді Мемлекет басшысы Е. Орынбаевқа қарата.

Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары бұл орталықта оқу да, демалыс та қатар жүретіндігін айтты.

«Не үшін, оқу мектепте бар, ал дем алуға демалыс бар. Алдымен осы жерде университетті салып алайық, мектептерді бітірейік, содан кейін демалыс жайын ойланамыз. Өзің айтып отырсың, бірақ мән-мағынасын түсіндіре алмайсың»,-деп кейістік танытқан Н. Назарбаев бұл мәселені күнтәртібінен алып тастауға тапсырма берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!