Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты

Фотография - Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты

ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Назарбаев қорының» Жоғарғы қамқоршылар кеңесімен өткізілген екінші отырысын өткізді.

260 0

ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Назарбаев қорының» Жоғарғы қамқоршылар кеңесімен өткізілген екінші отырысын өткізді.

«Көп жұмыс жасалды сол биік мұраттарға жетеміз деп ойлаймыз. ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты болады. Барлық дүние жүзінде солай. Кешегі Финляндияның тәжірибесін қарайтын болсақ, ең дүние жүзіндегі жоғарғы білім саласын игерген халық. Біздің университеміз аз уақыттың арасында беделге ие болды. Қазір бұл оқу орны да әлемнің жетекші университеттерінің қатарында келе жатыр. Халықаралық стандарттарға сай мамандарды даярлайтын боламыз. Әлемдік-экономикалық және білім-ғылым мәселелеріне лайықты болады деп санаймын», - деді Н.Назарбаев.

Жоғарғы қамқоршылар кеңесінің екінші отырысына ҚР премьер-министрі Серік Ахметов, Президент әкімшілігінің жетекшісі және Назарбаев университеті Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары және Назарбаев зияткерлік мектебінің қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ербол Орынбаев және Жоғарғы қомқоршылар кеңесінің мүшелері қатысты.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!