Сенатор Шымкент зоологиялық паркін қайта құруға 875,9 млн. теңге бөлуді сұрады

Фотография - Сенатор Шымкент зоологиялық паркін қайта құруға 875,9 млн. теңге бөлуді сұрады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов Шымкент зоологиялық паркін қайта құруға бюджеттен қаржы бөлуді сұрады

231 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов Шымкент зоологиялық паркін қайта құруға бюджеттен қаржы бөлуді сұрады.

«Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, миллионға жуық халқы бар Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты даму үстінде. Елбасы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары кезінде Шымкент қаласын еліміздегі 1 миллион халқы бар үшінші қала ету туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру және облыстың туризм саласын дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен республиканың 3 зоологиялық парктерінің бірі - Шымкент зоологиялық паркін қайта құрудың жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның жалпы сметалық құны 875,9 млн. теңгені құрайды», - дейді Қ. Айтаханов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған нысанды 2012 жылы және ағымдағы жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы жасалынған ұсыныстар белгісіз себептермен кейінгі жылдарға қалдырылып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!