Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды

Фотография - Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылар күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды.

123 0

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылар күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды.

Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық лагерьдегі шатырларға орналасып Жауынгерлік парадты өткізу жоспары бойынша дайындыққа кірісіп кетті. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Бүгін полигонда командалық-штабтық дайындық барысында  парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығына тәжірибелік тұрғыда Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде.

  «Әскерилер үшін тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болғалы тұр. Бөлімшелер тәжірибелік дайындықтар барысында өзара іс-қимыл сұрақтарын түбегейлі  пысықтайтын болса, офицерлер парадтың кезеңдерін жоспарлауда және бөлімшелерді басқаруда әскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ»,- дейді  Мұрат Майкеев.

Қазіргі кезде «Отар» 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон  нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы таратылады. Онда көрсетілетін жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады.

Мұндай Жауынгерлік парад Қазақстан Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет өткізілмек. Онда Құрлық әскерлерінің барлық  қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Әуе қорғанысы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бронды машина, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!