Атырау облысының әкімі қаланы абаттандыруға қатысты

Фотография - Атырау облысының әкімі қаланы абаттандыруға қатысты

Атырауда биылғы көктемде көшелер, саябақтар мен гүл бақтарында 15 мың ағаш пен бұта отырғызылатын болады

153 0

Атырауда биылғы көктемде көшелер, саябақтар мен гүл бақтарында 15 мың ағаш пен бұта отырғызылатын болады.

Қалада жарияланған экологиялық айлық акциясына Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, Азаттық көшесіне ағаштар отырғызды.

«Ең бастысы көшеттерді отырғызу ғана емес, олардың неғұрлым көп саны жерсініп, үлкен ағаш болуына қол жеткізу», - деді Б.Ізмұхамбетов.

Биыл қалада қарағаш, шаған, үйеңкі, жұпаргүл ағаштары отырғызылады. Оларды егуде отандық және ресейлік ғалымдар әзірлеген арнайы әдіс қолданылады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!