Мәжілісмендер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған заң жобасымен танысты

Фотография - Мәжілісмендер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған заң жобасымен танысты

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды

169 0

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Аталған құжат Мемлекет басшысының былтырғы желтоқсан айындағы халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленген. Бұл ретте заң жобасының мақсаты жергілікті азаматтардың өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, аудандар (қалалар) мәслихаттарының әкімшілік аумақтық бірліктерінің төменгі деңгейдегі әкімдерінің сайлауын енгізу көзделеді. Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыру үшін құқықтық жағдайлар жасалатын болады.

Тұтастай алғанда заң жобасын қабылдау халықтың қатысуын ынталандыру бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлі мен жауапкершілігін арттыратын болады. Бұдан бөлек, жергілікті жұртшылықты толғандыратын аса түйткілді проблемаларды шешу үшін халықтың белсенді бөлігін басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне тарту тетігі енгізіледі.

Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейінің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!