Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Павлодарға барады

Фотография - Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Павлодарға барады

19-20 сәуірде ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Павлодар қаласында болады

204 0

19-20 сәуірде ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Павлодар қаласында болады,

деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы.

Сапар барысында Г.Әбдіқалықова «Қазіргі заманғы қазақстандық әйел - мемлекет тірегі» атты әйелдер форумының жұмысына қатысады. Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері де атсалысады. Форумның мақсаты - ел дамуындағы қазақстандық әйелдердің рөлін күшейту, оларды, әсіресе жергілікті деңгейде және өңірлерде мемлекеттік және қоғамдық басқаруға тарту.

Бұдан басқа ҚР Президентінің кеңесшісі «Отбасы қолайсыздығын және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарында ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың күшін жұмылдыру» мәселесі бойынша ҮЕҰ мен жетім балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер басшыларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады.

Отырысқа ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), «Бота» қоры, Еуразия-Орталық Азия қорының басшылары, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы балалардың құқықтарын қорғау бойынша халықаралық кеңесшілері қатысады.

Аталған шараның мақсаты - отбасындағы қолайсыздықты және әлеуметтік жетімдікті болдырмау мәселелерінде мемлекеттік органдардың жұмысын жандандыру. Балалар үйлері мен интернаттардан шығушы балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының жобасы көрсетіледі.

Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының интернационалдық отбасылардың «Бір шаңырақтың астында» атты облыстық фестиваліне қатысуы, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» АҚ-да болуы және зауыттың еңбекші әйелдерімен кездесуі жоспарланып отыр. Сонымен қатар ондағы еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың орталық зертханасында, оқу орталығында болады деп күтілуде.

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның ақпаратына қарағанда, Г.Әбдіқалықова өз сапарын Г.Потанин атындағы мұражайды аралаумен және «Көктем самалы» классикалық музыка фестиваліне қатысуымен аяқтайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!