Денсаулық сақтау министрі Қостанай облысында болып қайтты

Фотография - Денсаулық сақтау министрі Қостанай облысында болып қайтты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа заң жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысында жұмыс сапармен болып қайтты

329 0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа заң жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысында жұмыс сапармен болып қайтты.

Министр осынау сапары барысында Қостанайдағы №1 және №4 емханаға, Рудный қалалық емханасына, өңірде жаңадан бой көтерген екінші кардиологиялық орталыққа және перзентханаға ат басын бұрды.

Кесдесу барысында С.Қайырбекова аталған жаңа заң жобасының бір жағынан аталған жүйе жұмыс істей бастағаннан бергі кезеңде макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне, екінші жағынан зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде болатын өзгерістерге байланысты екенін әңгімеледі. Сонымен қатар, Заңнамаға енгізілгелі жатқан өзгерістердің себептері, мысалы, әлемнің барлық еліне тән жұмыссыздық проблемалары және тұрғындар жасының ұлғаюы туралы да сала мамандары арасында кеңінен айтылды.

Қазіргі уақытта көптеген елдерде әлеуметтік қорғау саласында реформалар жүргізіліп, азаматтарды еңбек қызметін жалғастыруға ынталандыру шаралары атқарылуда. Үкімет әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын көтере отырып, олардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттырып, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жалпы, зейнетақы реформасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруды және зейнетақы жүйесінің тиімділігін көтеруді қарастырады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметтерімен тұрғындарды қамту көлемін кеңейту, зейнетақы жасын біріздендіру, ерекше еңбек жағдайында жұмыс істейтін тұлғалар үшін кәсіби зейнетақы жарналарын еріктіден міндетті түріне ауыстыру сияқты мәселелер талқылануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!