Вице-премьер Ә.Исекешев әкімдіктерге жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуды тапсырды

Фотография - Вице-премьер Ә.Исекешев әкімдіктерге жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуды тапсырды

Аймақтық инновациялық жүйелерді дамыту үшін жергілікті атқарушы органдарға жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту қажет

235 0

Аймақтық инновациялық жүйелерді дамыту үшін жергілікті атқарушы органдарға жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту қажет.

Бұл туралы бүгін аймақтық инновациялық жүйені қалыптастыру әдісін талқылауға арналған кеңейтілген семинарда Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты, деп хабаралайды primeminister.kz сайты.

«Аймақтардың барлығында бірдей инновацияларды дамытудың әлеуеті жоқ, оған қоса негізгі бөлікті дамытып, әкімдіктерге университеттермен ынтымақтастықты нығайту қажет, себебі ол жерлерде халықтың негізгі зияткерлік бөлігі - студенттер, оқытушылар шоғырланған»,- деді Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, ИЖТМ басшысы атап өткендей, аймақтық инновациялық жүйелерді дамыту аясында индустриялық және инновациялық кластерлер бойынша жоба басталуда. Әр өңірде оны мамандандыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Яғни, ҮИИД-дың екінші кезеңінде ең табысты жекелеген кластерлердің шоғырлануы анықталуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 23 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде облыс және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің барлығына аймақтық инновациялық жүйелерді құру жоспарын жасап, оны жүзеге асыруға кірісуді тапсырған болатын. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!